Eurasian Resources Group Қостанай облысында 1 200 орындық мектеп салады
Eurasian Resources Group Қостанай облысында 1 200 орындық мектеп салады
319
оқылды
Eurasian Resources Group (ERG) Рудный қаласында 1 200 орындық жалпы білім беретін мектеп салуды, Қостанай облысындағы білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін арнайы курстар мен оқыту семинарларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл мақсаттарға ERG 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлуді көздеген. Өзара түсіністік туралы Меморандумға бүгін ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды. Біз «туған қалаларымыздың» әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру қамында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – ERG ұзақ жылдары бойы алуан түрлі әлеуметтік бастамалар мен жобаларды тұрақты қолдап келеді. Бұл жолда тек осы өңір тұрғындарына өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырумен шектелмей, ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде қазақстандықтардың жаңа буыны жеке тұлға ретінде үйлесімді өсіп, өрлеуіне барынша ықпал ету керек. Нақты білім беру – тұлға қалыптастырудың түпкі іргетасы. Білім берудің лайықты деңгейін қамтамасыз ете отырып, біз қазақстандықтардың бүтін бір жаңа буынының адам капиталын дамытуға сүбелі үлес қосамыз, – деді ол.  width= Бұдан дейін Eurasian Resources Group жыл сайынғы Меморандумдар аясында Қостанай облысында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға биыл 3 млрд теңге бөлген болатын. Қаражаттың басым бөлігі Рудный индустриалды институтына оқу құралдарын сатып алуға жұмсалды. Топ аталған оқу ордасын ұзақ жылдар бойы тұрақты қолдап келеді. Келісімде аймақтағы ұстаздардың біліктілігін арттыруға ықпал ететін «ERG Mektepke» бағдарламасын жалғастырып, "ERG колледждерге" атты жаңа бағдарламаны қолға алу жайлы да жазылған. Бұл қос бағдарлама ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде орта және арнайы орта білім беру салаларын дамытып, оқушылар арасында инженер мамандықтарын насихаттауға бағытталған. Осыған дейін Меморандум аясында бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын мына және мына сілтемелерден біле аласыздар. Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерге Eurasian Resources Group құйған (соның ішінде ERG және облыс әкімдіктерімен арадағы Меморанумдар аясында да) инвестициялардың жалпы көлемі  1 млрд доллардан асты.