Жастарға алғыс білдірді
Жастарға алғыс білдірді
347
оқылды
Қызылордалық белсенді жастар Президент сайлауының барысын талқылап, сайлау қорытындысына пікір білдірді. TEDtalks форматында дөңгелек үс­телде сөз алған «Жастар Рухы» ЖҚ об­лыс­­тық филиалының төрағасы Медет Жорабек сайлауда белсенділік танытқан жастарға алғыс білдірді.
«Президент сайлауы елдің үлкен бел­­сенділігі мен жауапкершілігінің арт­қа­нын көрсетті. Азаматтар Әділетті Қа­­зақстанды таңдап, ұстанымдарын біл­­дірді. Қуатты Қазақстан жастармен көр­­кейіп, дамиды. Сондықтан барша­мыз Президент сайлауалды бағдарла­ма­сында қамтылған тың бастамалардың жү­зеге асуына үлес қосуымыз керек. Об­­лыс­та 300-ге жуық белсенді жастар үгіт-насихат материалын таратып, «Есік­­тен есікке» акциясына, сайлау­шы­лармен өткен экспромт-кездесу­лер­ге, аза­маттардың ұсыныстары мен ті­лек­те­рін қабылдау ісіне атсалысты», – деді ол. Жиында жастар өз ойларын ортаға са­лып, «Әділетті, Қуатты Қазақстанды бар­шамыз бірге құруға атсалысайық», – деген үндеу тастады.