Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі туған жеріне жеткізілді

Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі туған жеріне жеткізілді

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің көмегімен жауынгердің туыстары табылды.

"Жергілікті тұрғындар құлпынай егістігін өңдеп жатқан кезде сарбаздардың қалдықтарына тап болған. Осыдан кейін олар бізді шақырды. Біз бүкіл бақшаны тексердік. Сарбаздар окопта жатқан, олар қаза тапқан күйі осында қалған. Тіпті Құлтасов бетпе-бет жатып, дулығасына сүйеніп, шабуылға көтеріліп бара жатқанда қайтыс болған", – деп Суворов іздестіру отрядының командирі Ольга Стружанова қалдықтардың табылу тарихын баяндап берді.
Жақын арада оның сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылындағы отбасы зиратына құрметпен жерленетін болады.