Келесі аптада Тоқаев ресми сапармен Ресейге және Францияға барады
Келесі аптада Тоқаев ресми сапармен Ресейге және Францияға барады
Фото:t.me/bort_01
Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні ресми сапармен Ресей Федерациясына барады. Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады. 29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмануэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.