Павлодар облысы Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қала әкімдігінің мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.
«Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі» делінген ресми хабарламада.Бұған дейін жылусыз қалған қаланың оқушылары қашықтан оқитынын хабарлаған болатынбыз.