Кешке дейін Екібастұз тұрғындарына «AMANAT» партиясы тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі – Ерлан Қошанов
Кешке дейін Екібастұз тұрғындарына «AMANAT» партиясы тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі – Ерлан Қошанов
227
оқылды
Екібастұздағы төтенше жағдайға күллі қазақстандықтар алаңдап отыр. Бұл туралы «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Facebook-тағы парақшасында жазды. «Қазір Екібастұздағы мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.    width= Мәжіліс депутаттары да елмен бірге! Халыққа шұғыл көмек көрсету мақсатымен кеше «AMANAT» фракциясының депутаттары Екібастұз қаласына жолға шықты.    width= Кешке дейін зардап шеккен тұрғындарға партия тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Әсіресе, жылы киімдер, көрпе-жастық және қазіргі уақытта ең қажетті жылытқыш құралдармен қамтамасыз етеді», – деп жазды Ерлан Қошанов. Бұған дейін Президент Үкіметке Екібастұздағы ахуалды түзетуге тапсырма бергенін хабарлаған болатынбыз.