Футболдан әлем чемпионаты: Оңтүстік Корея Гана құрамасынан жеңіліп қалды
Футболдан әлем чемпионаты: Оңтүстік Корея Гана құрамасынан жеңіліп қалды
311
оқылды
Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Оңтүстік Корея мен Гана құрамалары кездесті. Тартысты ойында Гана қарсыласы Оңтүстік Кореяны 3:2 есебімен жеңді. Алғашқы турда Оңтүстік Корея Уругваймен 0:0 есебімен тең түссе, Гана Португалияға 2:3 есебімен жол берген еді. Н кіші тобының тағы бір кездесуі 29 қарашаға қараған түні - сағат 01:00-де "Лусаил" стадионының алаңына Португалия мен Уругвай құрамалары арасында өтеді.