«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері зардап шеккен екібастұздықтарға көмектесуде

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері зардап шеккен екібастұздықтарға көмектесуде

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмекті тарату жұмысына жұмылдырылды.

Екібастұзда Жастар қанатының волонтерлер штабы тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. «Жастар рухының» белсенділері үй-үйді аралап, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинауда.

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері зардап шеккен екібастұздықтарға көмектесуде

Жастар қанатының волонтерлері апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру жұмысымен де айналысып жүр.

«Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Екібастұзға барлығы 120-дан астам ерікті келгенін атап өтті. Оның ішінде 30 адам Астанадан келді.

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері зардап шеккен екібастұздықтарға көмектесуде

«Еріктілеріміз мұқтаж жандарға көрпе, термос және басқа да қажетті заттарды таратып жатыр. Бүгін түнде 1 000 жаңа электр жылытқыш тиелген жүк түсірдік. Бұл заттар, әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар адамдарға, зейнеткерлерге қажет. Екібастұз қаласының барша тұрғынына жағдай қалыпқа келгенге дейін көмек көрсетеміз. Мұндай жағдайда сырттан бақылап отыру мүмкін емес. Дәл осындай сәтте ынтымақ пен бірлігімізді танытуымыз керек», – деді ол.

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері зардап шеккен екібастұздықтарға көмектесуде

«Жастар рухының» мүшесі Камил Байрамов  былай дейді: «Қайғы-қасіретті өзімдікі немесе өзгенікі деп ешкім бөліп-жармайды. Осынау қиын-қыстау сәтте «Жастар рухының» белсенділері Екібастұз қаласының тұрғындарына қол ұшын созып жатыр. Олар бір кездері Әулиекөлде, Мақтаарал мен Арыста зардап шеккен халыққа да дәл осылай көмек көрсеткен еді».

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері зардап шеккен екібастұздықтарға көмектесуде

«Жастар рухының» белсендісі Арсланбек Мағзұм:

«Волонтерлер штабында жылы киім-кешекті, суды, басқа да қажетті тауарларды қай мекенжайға апару керектігі туралы өтінімдер сараланады. Бізге жылусыз қалған әрбір тұрғынға, әрбір отбасына көмек көрсетілгені маңызды», – деді.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.