Зиянды қалдықтар азаяды
Зиянды қалдықтар азаяды
450
оқылды
«AMANAT» партиясы Шы­ғыс Қазақстан облыстық фи­лиалы жанындағы өңірлік эко­логиялық қоғамдық кеңес­тің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Шығыс Қа­зақстан облыстық филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа ла­йықты өмір» Сайлауалды бағ­дар­ламасын орындауға арналған Жол картасының кейбір тармақ­та­­рының орындалу барысы қа­рал­ды. Бұл тармақтар Өскемен қа­ла­сында санитарлық полигон­дар мен қоқыс өңдеу кешенін және Риддер, Шемонаиха қала­ла­рында қатты тұрмыстық қалдық­тар­ды сұрыптау желілерін салу, соны­мен қатар 2022 жылы ста­ционарлық көздерден атмосфе­раға шығарылатын зиянды қал­дықтарды азайту мәселесін қа­растырады.
«Жүргізілген талдауға сәйкес, облыстың ірі кәсіпорындарында ауаны қорғау іс-шараларын іске асыру 2025 жылға қарай облыс бойынша жалпы зиянды қалдық­тардың көлемін 128,1 мың тон­на­дан 124,1 мың тоннаға дейін тө­мен­детуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, Экология департаменті атмосфераға тарайтын зиянды заттарды азайтуды қамтамасыз ету үшін шаң-газ тазарту жүйе­лерінің жұмысын бақылау үшін де, мемлекеттік бағдарламаларда және кәсіпорындардың экология­лық жобаларында белгіленген табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыс жасауда», – деп атап өтті ШҚО бо­йынша Экология департа­мен­тінің басшысы Данияр Әлиев.
«AMANAT» партиясының Қос­танай облыстық филиалы жа­нын­дағы өңірлік экологиялық кеңес мүшелері де бас қосты. Кеңес мүшелері елді мекендерді көгал­дандыру, орман алқаптарын ұл­ғайту, сондай-ақ тұрмыстық-тех­никалық қалдықтарды орна­лас­тыру және қайта өңдеу жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысын талқылады.