Қар, жаңбыр, аяз: 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Қар, жаңбыр, аяз: 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 30 қарашаға арналған ауа райы болжаын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде суық температура әлі де сақталады. Солтүстік антициклонның ықпалында болғандықтан күн ашық болғанымен аяз болады. Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде қар, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан Республикасының аумағында желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, таулы аудандарының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алакөл көлдері ауданында күшті жел тұрады, жылдамдығы секундына 30 м/с-ке жетеді, кей жерлерде желдің жылдамдығы одан да жоғары болуы ықтимал. Түркістан облысының таулы, тау аудандарында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, Жамбыл облысында қар жауады.