«Қазгидромет» 30 қарашаға арналған ауа райы болжаын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде суық температура әлі де сақталады. Солтүстік антициклонның ықпалында болғандықтан күн ашық болғанымен аяз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде қар, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Қазақстан Республикасының аумағында желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, таулы аудандарының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алакөл көлдері ауданында күшті жел тұрады, жылдамдығы секундына 30 м/с-ке жетеді, кей жерлерде желдің жылдамдығы одан да жоғары болуы ықтимал.
Түркістан облысының таулы, тау аудандарында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, Жамбыл облысында қар жауады.