Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
2,847
оқылды
Оқиға бүгін, яғни, 30 қараша күні сағат 11:00 шамасында Атырау қаласындағы Владимирский көшесі бойында орын алды. Екінші дәрежелі жолдан шыққан Daewoo Nexia маркалы көлігі басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жолаушысы дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
"Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.