«AMANAT»: Асхат Аймағамбетов жас саясаткерлермен кездесті
«AMANAT»: Асхат Аймағамбетов жас саясаткерлермен кездесті
328
оқылды
Бүгін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының Жас саясаткер мектебінің қатысушыларымен кездесті.    width= Спикер өз сөзінде министрлік қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, қоғамдық саясатты дамыту туралы өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына қатысты басымдықтарын жүзеге асыруға егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.  width=  width= Еске сала кетейік, Жас саясаткер мектебіне қатысу үшін конкурстық негізде еліміздің барлық өңірінен 50 адам іріктелді. Олар 5 күндік қарқынды оқыту курсынан өтеді. Көпшілік алдында сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқаруды үйренеді. Көшбасшылық бойынша тренингтер және Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістерге қатысады.