Қаңтар оқиғасы: ел ішіндегі бүліктің кімге пайдалы болғаны туралы фильм телеарнадан көрсетіледі
Қаңтар оқиғасы: ел ішіндегі бүліктің кімге пайдалы болғаны туралы фильм телеарнадан көрсетіледі
Фото: yandex.kz
662
оқылды
Қаңтар оқиғасы туралы фильм түсірілді. «Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін...» фильмінің 1-бөлімі бейсенбі күні, сағат 18:20-да "Алматы" телеарнасынан көрсетіледі. Almaty.tv журналистік зерттеу жанрындағы бұл авторлық фильм Алматыдағы Қаңтар оқиғасының хронологиясын егжей-тегжейлі қалпына келтіріп, әртүрлі болжамдар мен қауесеттен тыс, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсетуге тырысты. Бүкіл ел үшін үлкен сынаққа айналған трагедия туралы бес бөлімді фильмнің алғашқы бөлімінде эксклюзивті сұхбат және жұртқа беймәлім фактілер беріліп, ең бастысы – қантөгіске айналған бүлік пен жаппай тәртіпсіздік хронологиясы қайта жаңғыртылды. https://youtu.be/mL8nhVDj-Os Көрермен қатысушылар мен куәгерлердің айтуы бойынша қайғылы қаңтардың қалай басталғанын, не болғанын, бүлікшілердің әкімдік, әуежай және полиция департаментін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін біледі. Журналистер елдегі дүрбелеңнің кімге пайдалы болғанын, мемлекет тұтастығын қалай сақтап қалғанын түсіну үшін оқиғаларды сараптайды. «Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін...» фильмін YouTube арнасынан да көре аласыздар.