Шығыс Қазақстанда көлікті қар көшкіні басып қалды
Шығыс Қазақстанда көлікті қар көшкіні басып қалды
Фото: polisia.kz
261
оқылды
Шығыста қар көшкіні жүрді. Алтай ауданында тәртіп сақшылары қар көшкінінің астында қалған көлікті шығаруға көмектесті. Polisia.kz-тің дерегінше, боранда ерлі-зайыпты және үш жолаушысы бар автокөлік Өскеменнен Алтай қаласына шыққан. Таңғы сағат 05:00-де Өскемен – Рахман қайнары тасжолында көлікті қар көшкіні басып қалған. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Сұлтанғалиев, Серебрянск қаласы ПБ бастығы Ернұр Макиленов және Алтай ауданы ПБ ЖТИ мемлекеттік автоинспекторы Орынбасар Тұрғановпен бірге патрульдеуге шыққан. Екеуі қар басқан көлікті қардан шығаруға көмектескен. Алтай қаласына жолға шыққан үш жолаушыны полицейлер көлікке отырғызып жіберген. Ал Өскемен қаласына жолдың жабық болуына байланысты ерлі-зайыптылар Серебрянск қаласында қалды. Ерлі-зайыпты полицейлерге алғыс айтты.