"Бақытты отбасы", "Кедергісіз келешек" жобалары аясында көру қабілеті төмен отбасына үй берілді
"Бақытты отбасы", "Кедергісіз келешек" жобалары аясында көру қабілеті төмен отбасына үй берілді
376
оқылды
«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ықпалымен «Айдың нұры» қорының демеушілігі нәтижесінде баспанасыз жүрген көру қабілеті төмен отбасына үй табысталды. Жаңақорған кентінің тұрғыны Нәзира Қасымханова қызымен екеуі 3-топ мүгедегі. Тағдырдың жазуымен бір көзі туа бітті 80 пайызға дейін көрмейді. Осы күнге дейін жалғызбасты ана жалдамалы пәтерде тұрып келеді. Пәтерінде жылу болмағандықтан күн жылынғанша анасының, бауырларының үйін паналауға мәжбүр. Осы мәселе төңірегінде мұқтаж ана «АMANAT» партиясының аудандық филиалына жүгініп, баспана алуға көмек сұрады. Өтініш иесінің мәселесіне орай аудандық партия филиалы тарапынан көмек сұраған отбасының әлеуметтік жағдайының төмен екендігі ескерусіз қалмады. Нәтижесінде қор арқылы көмекке мұқтаж ана жайлы баспанаға қол жеткізді.
«Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау партия назарынан тыс қалған емес. Мұндай жандардың талап-тілегін орындауға күш саламыз. Соның нәтижесінде «Айдың нұры» қорының демеушілігімен баспана кілтін табыстадық. Мұндай игі бастама алдағы уақытта да жарасымды жалғасын табатын болады», – дейді аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Арман Мажитов. 
Көптен күткен арманына қол жеткізген жалғызбасты ана партия филиалына байланыс желісі арқылы алғаусыз алғысын білдіріп отыр.