Тарихи гол: Әлем чемпионатында тағы да сенсация болды
Тарихи гол: Әлем чемпионатында тағы да сенсация болды
9,922
оқылды
Марокко құрамасы Канаданы жеңіп, Катарда өткен әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті. Дохадағы «Ат-Тумама» стадионында африкалық футболшылар 2:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Кездесудің төртінші минутында жартылай қорғаушы Хаким Зиеч есеп ашса, тайм ортасында шабуылшы Юсеф Эн-Несири есепті еселеді. Канаданы жеңген Марокко құрамасы жеті ұпай жинап, турнирдің келесі кезеңіне өтті.