Ауыл спортын қолдауға шақырды
Ауыл спортын қолдауға шақырды
296
оқылды
Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Ауыл алаңынан – Олимпиада тұғырына» атты ауыл нұс­қау­шыларының республикалық І конференциясы өтті. Жиынды Мәде­ниет және спорт министрлігі ұйым­дастырды. Жиынның негізгі мақсаты – ауыл спорты­ның өзекті мәселелерін талқылап, жер-жердегі озық тәжірибелерді көпшілік назарына ұсыну. Әлемдік ареналарда Отанымыздың намыс туын көтерген саң­лақтардың басым бөлігі ауылдардан еке­нін ескерсек, бұл сала әрдайым мемлекет назарында болуы тиіс. Конференция аясында өңірлердің ауыл спортына арналған көрмелерімен қатар, ауылдардан шыққан білікті бап­кер­лер мен чемпиондар туралы фото­көрме және видеоматериал жұртшылық назарына ұсынылды. Конференцияда әр облыстың үздік ауыл нұсқаушыларына жүлде тапсы­рылды.

А.АЙДАРҚЫЗЫ