Президент Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Жарлықта.Нариман Төреғалиев 1964 жылы Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 2004 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы «Есенсай» кеңшарында жұмысшы болып бастаған Н.Төреғалиев институтты бітіргеннен кейін Теректі ауданында лауазымды қызметтер атқарды. Орал қаласында еңбек етті. Оның ішінде 2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша департаментінің директоры, 2010-2012 жылдары БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. 2012-2015 жылдары Ақжайық ауданының әкімі болса, 2015 жылдан облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған.