Оңтүстік Корея құрамасы Португалияны жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты
Оңтүстік Корея құрамасы Португалияны жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты
Оңтүстік Корея 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Азия құрамасы Н тобындағы финалдық ойында плей-офф кезеңіне ерте жолдама алған Португалиямен кездесті. Бұл кездесуде бірінші болып Рикардо Ортаның голынан кейін португалдықтар алға шықты. 27-минутта Ким Юн Квон есепті теңестірсе, Сон Хён Мин 91-минутта Оңтүстік кореялықтарға жеңіс әкелді. Осылайша, плей-офқа шыққан Оңтүстік Корея 1/8 финалда G тобында жеңімпаз атанған құрамамен кездеседі.  Португалиялықтар 1/8 финалда G тобында екінші орын алған құрамамен ойнайды.