Қаралы хабар: Халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеден озды
Қаралы хабар: Халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеден озды
5,461
оқылды
Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер Қонысбай Әбіл дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет мәлімдеді. 
"Бұл дүние не болып кетті?! Астанадан таң бозымен тағы бір ауыр хабар жетті. Арқалы ақын Қонысбай Әбіл дүниеден өтіпті! Жалған-ай!.. Қазақстанның халық ақыны, атақты айтыскер, алты Алаштың ардақтысы, сөз сүлейі, сайыпқыран сатирик, қарымды қаламгер, тіл жанашыры, от ауызды, орақ тілді, сегіз қырлы, бір сырлы асыл азамат бұл фәниден бақиға көшіпті! Көкірегім қарс айырыла отырып, марқұмның отбасына, аяулы ақынын қадірлейтін халқымызға көңіл айтамын. Бақұл бол, досым! Жаның жәннатта болсын!", – дейді Ұлықбек Есдәулет.