Жамбылда жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды
Жамбылда жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды
371
оқылды
Түнде Жамбыл облысының Шу қаласында болған өрттен екі кішкентай бала көз жұмды. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға желтоқсанның 2 жұлдызынан 3-не қараған түні болған. Шу қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жергілікті департамент дерегінше, қызыл жалын жалпы ауданы 30 шаршы метрді аумақты шарпыған. Үй заттары мен барлық жиһаздар отқа оранған.
«Өрт сағат 00.10-да оқшауланып, сағат 00.35-те «СПиАСР» мемлекеттік мекемесінің күшімен жойылды. Оны сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметінен.
Құзырлы орган мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін оқиға орнынан 5 және 2 жастағы екі баланың мәйіті табылған.