Алматы-Қорғас тас жолында көлік қаққан балалардың бірі көз жұмды
Алматы-Қорғас тас жолында көлік қаққан балалардың бірі көз жұмды
597
оқылды
Алматы-Қорғас тас жолында Lexus көлігі қаққан балалардың бірі 2 желтоқсанда ауруханада көз жұмды.
"2 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш бала травматологиялық бөлімде ем алып жатыр. Үш баланың жағдайы орташа ауырлық деңгейінде деп бағаланады. Өкінішке қарай, дәрігерлер барлық қажетті көмек көрсеткенімен, 10 жасар баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Ол алған ауыр жарақаттары салдарынан қайтыс болды. Оның ата-анасы және жақындарына көңіл айтамыз", – деп хабарлайды Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Қайғылы оқиға 25 қарашада кешке Алматы – Қорғас тас жолында орын алды. Шелекке қарай шығыс бағытта жүйткіп бара жатқан Lexus IS көлігі кәмелетке толмаған бес жасөспірімді қағып кеткен.