2040 жылға қарай бензинмен жүретін көліктер сатылмайды
2040 жылға қарай бензинмен жүретін көліктер сатылмайды
АҚШ-тың кейбір штаттары 2035 жылға қарай бензинмен жүретін көліктерден бас тартып, оларды электромобильдерге ауыстырады. Фото Getty Images сайтынан алынды
994
оқылды
Көптеген елде жаңа бензин көліктері 2040 жылға қарай сатылмайды. Әлемдегі жасыл энергияға көшу үрдісінің бетбұрысын көрсететін тренд осыны дәлелдейді. АҚШ-тың Вирджиния, Нью-Йорк, Орегон, Калифорния және Массачусетс сияқты штаттары 2035 жылға қарай бензинмен жүретін көліктерден бас тартып, оларды электрлі көліктерге ауыстыруға уәде берді. Ford, Honda, General Motors және Volkswagen сияқты ірі автомобиль өндірушілері де әлем жасыл энергияға бет бұрған кезде көштен қалғысы келмейді. Әлемдегі жасыл энергияның көліктерге әсерін зерттеген slashgear.com ақпараттық порталына сілтеме жасап, Aikyn.kz электр көліктерінің оң және кемшіл тұстарын сараптайды. [caption id="attachment_230627" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Электр көліктері зиянды газ шығармайды, ауаны ластамайды. Бірақ оларға техникалық қызмет көрсету қымбат. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Электр көліктері зиянды газ шығармайтынына қарамастан, оларға әлі де техникалық қызмет көрсету қымбат екенін мамандар да, қарапайым адамдар да жақсы біледі.
Электр қозғалтқышы бар көлікті қуатпен толықтырып, қажеттілік туындаған кезде оған қызмет көрсету керек. Және электромобильдің аккумуляторы ұзақ мерзімге шыдамайды. Ол ескірсе ауыстыруды талап етеді. Техникалық қызмет көрсету құны, электромобильді сақтандыру да сатып алмас бұрын мұқият зерттелуі қажет шығындарға жатады.
Жалпы, электромобильді ұстау қанша тұрады? Мамандар пікірін сараптап көрейік. Әрине, Қазақстанда электромобильге жанармай құю бензинге қарағанда арзанырақ. Электр энергиясы туралы сараптаманы алдыңғы бір материалымызда жазғанбыз. [caption id="attachment_230628" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок5 АҚШ-та дәстүрлі жанармаймен салыстырғанда электр көлігін қуаттау 60%-ға арзан. Орташа жылдық құны – 500 доллар. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]  
Consumer Reports мәліметіне сәйкес, АҚШ-тың барлық штаттарындағы дәстүрлі жанармаймен салыстырғанда электр көлігін қуаттау 60%-ға арзан. Шын мәнінде, АҚШ-та электр көлігін қуаттаудың орташа жылдық құны 500 доллардан аз, ал бензинмен, дизельмен, газбен жүретін көліктердің отынға кететін шығыны екі есе көп.
Бірақ АҚШ-тағы электр көлікке жұмсалатын электр қуаты әрбір штаттағы электр қуатының тарифіне байланысты. Мысалы, Гавай аралындағы электр энергиясының орташа құны – бір киловатт үшін 30 цент, Вашингтонда немесе Техаста 1 киловатт үшін 10 центтен төмен. Электр көлігін жұмыстан тыс уақытта қуаттандырса, шығынды айтарлықтай үнемдеуге болады. Ол үшін үйде электрлі көлікті зарядтау құрылғысын орнату қажет. Ондай құрылғының құны $800-2 000 аралығында болса, оны орнатуға тағы да сонша қаражат жұмсалады.
Дегенмен инфляцияны төмендету туралы заңға сәйкес, электр көлігін үйде қуаттау құрылғысын сатып алып орнатқан отбасыларға 1 000 долларға дейін салық жеңілдігі беріледі. Кейбір автоөндірушілер белгілі бір EV (электромобиль) моделін сатып алсаңыз, тегін қуаттау қызметін ұсынады.
[caption id="attachment_230629" align="aligncenter" width="1949"]Рисунок6 Табиғи жанармаймен жүретін көлікке қарағанда электромобильге техникалық қызмет көрсету 50% арзан. Фото Shutterstock банкінен алынды[/caption] Электрлі көліктерге техникалық қызмет көрсету де бензинмен жүретін көліктерге қарағанда арзан. Олардың қозғалтқышы болмағандықтан, от алдыру білтесін, майды, қозғалтқыш белдігін немесе отын сүзгісін ауыстырудың қажеті болмайды.
Consumer Reports жариялаған зерттеу жұмысында табиғи жанармаймен жүретін көлікке қарағанда электромобильге техникалық қызмет көрсету 50% арзан екенін анықтаған. Жүздеген мың EV иелері қатысқан зерттеуде 200 000 мильге дейін EV жүретін жолға қызмет көрсетудің орташа құны 4 600 доллар құраған. Бұл бензинмен жүретін автокөлікке қызмет көрсету құнының жартысы.
Сақтандыруға байланысты факторды да ескерген жөн. Өйткені бензинмен жүретін көлікпен салыстырғанда,  сақтандыру жарналары электромобильдер үшін жоғары. Мысалы, Tesla Model-3 иелері үшін сақтандыру бензинді көліктермен салыстырғанда қымбат. Мамандардың айтуынша, 5 жыл болған Tesla Model-3 көлігінің сақтандыру құны 7 326 долларды құрайды. Chevrolet Bolt электромобилін сақтандыруға 4 777 доллар төленеді. [caption id="attachment_230630" align="aligncenter" width="1949"]Рисунок7 Жол апатына түсіп, зақымданған электр көліктерін жөндеу құны 20 000 доллардан асады. Фото Shutterstock банкінен алынды[/caption] Тағы бір қаржылай төлем түрі – көлікті жөндеу шығындары. Әдетте электр көліктерін жөндеу бензинге қарағанда қымбат.
Электр  көліктерді қуаттау арзан болғанымен, оларды жөндеу іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерге қарағанда қымбатырақ. Мысалы, Tesla-ның жөндеу құны орташа автокөлікпен салыстырғанда 27% жоғары болады.
Бірақ бұл жай ғана Tesla үлгілеріне ғана емес, басқа да электр көліктеріне қатысты. Ал жол талғамайтын электр көліктерін жөндеу жұмыстары 53% қымбат болуы мүмкін. Сондықтан электромобильді сақтандыру бензинмен жүретін көліктерден қымбатқа түседі. [caption id="attachment_230631" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок8 Электромобиль үшін ең қымбат шығыс бабы – батарея ауыстыру. Tesla Model S батареясын ауыстыру – 22 600 доллар. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Электромобиль үшін ең қымбат шығын – батарея ауыстыру. Себебі электромобиль  құнының 30-40%-ын осы батареялар алады. Tesla Model S батареясын ауыстыру – 22 600 доллар. Ең арзан Nissan Leaf электромобилінің батареяларын ауыстыру 9 500 доллар тұрады.
Жол апатына түсіп зақымданған электр көліктерін жөндеу құны да бірнеше мыңдаған долларды құрайды. Электромобиль иелері шағын апаттан кейін 20 000 доллар қажет болғанын айтады. Жаңа электромобиль батареяларын ауыстыруды қажет етпей 300 000-нан 500 000 мильге жол жүре алады. АҚШ-тың көптеген электромобиль өндірушілері 100 000 мильге дейінгі жолға аккумуляторға кепілдік береді.