Бұдан былай такси жүргізушілері салық төлейді
Бұдан былай такси жүргізушілері салық төлейді
Фото: doloipryshi.ru
1,571
оқылды
Онлайн платформа арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыс істейтін такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі енгізілетін болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
«Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері рөлінде онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады. Олар осында жұмыс істейтін азаматтар атынан тиісті төлемдерді жүргізеді», – деді министр.
Inform.kz-тің жазуынша, осыған орай Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы жұмысшылары үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Олар үшін салық жүктемесі 2023 жылы 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді.