БҚО-да қайғылы жағдай болды: бір күнде екі адам көз жұмды
БҚО-да қайғылы жағдай болды: бір күнде екі адам көз жұмды
Фото: azattyq.org
371
оқылды
Батыс Қазақстан облысында бір күнде жол апатынан екі адам көз жұмды, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
«4 желтоқсан күні түнгі 01.20 уақыт шамасында Тасқала-Атамекен тасжолының 36-шақырымында 35 жастағы жүргізуші ВАЗ-21074 автокөлігін басқара отырып, рөлге ие бола алмай, аударылған. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Дәл сол күні таңғы сағат 07.30 уақыт шамасында Кирсаново-Уральск тасжолында Lada-2107 автокөлігін басқарған 24 жастағы жүргізуші 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ГАЗ-53 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada-2107 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 1998 жылғы жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған деректерге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.