"Жабық табытпен жерленеді": Оралда саңырауқұлақ теруге кеткен 73 жастағы қарияның мүрдесі бір айдан кейін табылды
"Жабық табытпен жерленеді": Оралда саңырауқұлақ теруге кеткен 73 жастағы қарияның мүрдесі бір айдан кейін табылды
Фото: zhaikpress.kz
11,044
оқылды
Оралда саңырауқұлақ теремін деп жоғалып кеткен 73 жастағы қарияның мүрдесі бір айдан кейін табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Юрий Браслевич 5 қараша күні саңырауқұлақ теруге шығып кетіп, содан үйіне оралмаған болатын. Марқұмның немересі Ирина Жиденконың айтуынша, бүгін атасының денесін орманда мойыл жинап жүрген ер адам тапқан. «Мүрдені иттер бүлдіріп тастаған. Қашан жер қойнына берілетінін әзір айта алмаймыз. Жабық табытпен жерленетін болады», – деді ҚазАқпарат тілшісіне И.Жиденко. Қарияны іздеуге құтқарушылар, еріктілер, Ұлттық ұлан жауынгерлері жұмылдырылды. Арнайы тікұшақ та шығарылды.