Ауа райына байланысты Қарағанды-Балқаш трассасында жүк және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектелді
Ауа райына байланысты Қарағанды-Балқаш трассасында жүк және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектелді
362
оқылды
 «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, бүгін сағат 23:00-ден бастап «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар автожолының «Қарағанды-Балқаш» учаскесінде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі. Оған ауа температурасының -32 градусқа дейін төмендеуі себеп болған.