Зейнетақы жүйесінде жаңалық көп
Зейнетақы жүйесінде жаңалық көп
2,320
оқылды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) ақшаңызды мезгілінен бұрын алуға болатынын білесіз бе? Бұл «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңында белгіленген. Зейнетақы аннуитеті дегеніміз, бұл – сақ­тандыру ұйымдары ұсынатын өнім. Мұн­да БЖЗҚ салымшылары (алушылары) егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы жет­кі­лік­ті болса, онда өмір бойына төленетін сақ­тандыру төлемін зейнет жасына тол­ған­ға дейін де ала алады. Сақтандыру ұйы­мы­мен арада зейнетақы аннуитеті шартын жа­сасқан жағдайда салымшының зейнет­ақы жинағы заңнамада қарастырылған тәр­тіпте БЖЗҚ-дан ол таңдаған сақтандыру ұйы­мына аударылады. Биыл Қазақстан Рес­публикасының 2022 жылдың 12 шіл­де­сіндегі №138-VII заңына сәйкес зейнетақы заң­намасына өзгерістер мен толықтырулар ен­гізілді. 12.09.2022 жылдан бастап күшіне ен­ген өзгерістер мен толықтырулар салым­шы­ларға (алушыларға) бірлескен аннуитет шартын жасауға мүмкіндік береді. Бірлескен аннуитет дегеніміз, бұл – зей­нетақы аннуитеті шартын жасасу кезін­де екі сақтанушының бір уақытта қатысуын көздейтін өнім. Олар бір-біріне Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайып­ты­лық) және отбасы туралы» Кодексіне сәй­кес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыс боп келуі тиіс. Бұл бірлескен аннуитеттің ерек­шелігі зейнетақы жинақтарын бірік­тіру­ді және кірістерді қайта бөлуді қарас­тыра­ды. Мұндағы мақсаттардың бірі – әйел адам­дардың алатын табысы, одан кейін зей­нетақысы ер адамдардан қарағанда аз, ал сақтандыру ұйымдарынан оларға сақ­тан­дыру төлемдері өмір бойы төленеді, бұл төмен табысқа, соның ішінде әйелдердің ша­ғын зейнетақы жинақтарына байланыс­ты гендерлік мәселелерді ішінара шешуге мүм­кіндік береді. Айталық, жұбайлардың бірінің жинағы зейнетақы аннуитетін сатып алуға жет­пей­тін болса, ал екіншісінің артық ақшасы бол­са, қордағы жинақтарын біріктіру ар­қы­лы екеуі де өздерін өмір бойы сақтандыру тө­лемдерімен қамтамасыз етеді. Ерлі-зайып­тылар өмір бойы ай сайынғы сақ­тандыру төлемдерін алады, оның ішінде не­ке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағ­дай­да, сақтандыру төлемдерінің кестесінде бел­гіленген мөлшерде, бұл ретте олардың бір­лескен мөлшері зейнетақы аннуитеті шар­тын жасасу күніне қолданыстағы ең тө­менгі күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөл­шерінен төмен болмауы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс бол­ған жағдайда, екіншісі сақтандыру ұйы­мы­нан зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне қолданыстағы ең төменгі күнкөріс дең­гейінің 70 пайызынан төмен емес мөл­шерде кесте бойынша ай сайынғы өмір бой­ғы сақтандыру төлемдерін алуды жал­ғас­тырады. Аталған инновациялар зейнетақы ан­нуитеті шартын дамыған зейнетақы жүйесі бар мемлекеттердегі зейнетақы жоспар­лары­мен ұқсастығы бойынша зейнетақыны жос­парлаудың тиімді құралына айнал­дыру­ға мүмкіндік береді, атап айтқанда: - азаматтардың жинақ бастамаларын арт­тыру және оларға зейнеткерлікке шық­қанға дейін және одан кейін өмір бойы қо­сымша сақтандыру төлемдерін қамтама­сыз ету; - азаматтар өздерінің мақсаттары мен қа­жеттіліктеріне қарай зейнетақы төлем­дері­нің нұсқасын таңдайды. Халықаралық тәжірибе барысы көр­сет­кендей, жеке немесе бірлесіп жасалатын бұл шарттар ерлі-зайыптылар үшін өздері­нің тұтынушылық қажеттіліктері мен мақ­сат­тарын негізге ала отырып, өмірлік сақ­тандыру төлемдер есебінен зейнетақы кірі­сін жоспарлаудың қаржылық құралы бо­лып табылады. Бұл ретте, жыл сайын 5%-ға индекс­те­ле­тін өмір бойғы сақтандыру төлемдеріне жал­п­ыға бірдей белгіленген зейнетақы жа­сына жеткен кезде мемлекет тарапынан зей­нетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зей­нетақы төлемдері, БЖЗҚ-да зейнетақы жи­нақтары болған кезде қосылатынын атап өт­кен жөн. Биыл заңнамада көзделген­дей, сақтан­дыру ұйымдарынан ақшаны БЖЗҚ-ға қай­тару мүмкіндігі туралы қо­сым­ша ха­бар­лаймыз. 2022 жылдың 12 қыр­күйегінде кү­шіне енген өзгерістердің оған дейін­гі құқық­тық қатынастарға да пәрмені жүреді. Яғни, зейнетақы аннуитеті шартын жа­сас­қан азаматтар шарт жасалған күннен бас­тап ке­мінде екі жыл өткен соң сақ­тан­дыру ұйы­мына сақтандыру төлемдерін азай­ту жә­не ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару бойын­ша өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл рет­­те сақтандыру ұйымында өмір бойы ай сайын­ғы сақтандыру төлемдерін қамта­ма­сыз ету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайы­зынан төмен емес сома қалуы тиіс. БЖЗҚ-на қайтарылуға жататын соманы есеп­теуді және оның бар-жоғын тексеруді сақ­тандыру ұйымы «Зейнетақымен қам­сыз­дандыру туралы» заңның ережелерін ес­кере отырып жүзеге асырады. Сақтандыру ұйымы сақтанушыдан өтініш алған сәттен бас­тап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қай­тарылуға жататын ақша сомасын БЖЗҚ-на аударуға міндетті. БЖЗҚ сақтан­дыру ұйымы қайтаруға жататын ақша со­масынан алған күннен бастап 5 (бес) жұ­мыс күні ішінде оларды салымшының ЖЗШ-на есепке алуды жүзеге асырады. Салымшының ЖЗШ-на сақтандыру ұйы­мынан қайтарылған ақша сомасы есеп­ке алынғаннан кейін салымшылар (алу­шы­лар) өздерінің зейнетақы жинақтарына би­лік ете алады, оның ішінде зейнетақы жи­нақ­тарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік бас­қаруға бере алады не оларды тұрғын үй жағ­дайларын жақсарту және (немесе) ем­деу ақысын төлеу мақсатында өз пайдасына не­месе жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары пайдалана алады.