Ақтөбеде газ жарылып, екі адам ауруханаға түсті
Ақтөбеде газ жарылып, екі адам ауруханаға түсті
Фото: ТЖД-нен алынды
340
оқылды
Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында жер үйде газ жарылды, – деп хабарлады Aikyn.kz. Ақтөбе облыстық ТЖД-ның мәліметінше, түнде сағат 02.37-де Шұбарши ауылындағы 8-наурыз көшесінде апат болды.
«Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды. Бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін. Содан газ жиналып, әп-сәтте жарылып, 84 шаршы метр қабырға мен шатыр құлады. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты», – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін газға тұншыққан отбасы туралы жазған болатынбыз.