Атырауда бір отбасының 6 адамы газдан уланып, біреуі көз жұмды
Атырауда бір отбасының 6 адамы газдан уланып, біреуі көз жұмды
© ser-per.kz
403
оқылды
Атырауда бір отбасының 6 адамы газдан уланып, біреуі көз жұмды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Магомед Ахриевтің айтуынша, бір отбасының алты адамы газдан уланып қалған. Оның ішінде төрт бала бар. Отбасының үлкені – 90 жастағы кейуананы құтқару мүмкін болмады. «Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне жедел медициналық жәрдем стансасынан қоңырау түсті. Дәрігерлер Атырау қаласындағы ауруханаға табиғи газбен уланған алты адам түскенін хабарлады. Үш бала мен бір жасөспірім облыстық балалар ауруханасына, екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда 90 жастағы әжені құтқару мүмкін болмады. Ол уланғаннан кейін көз жұмды. Зардап шегушілердің қалғаны медициналық көмек көрсетілгеннен кейін есін жиды. Қазір олардың жағдайы тұрақты»,–  деп мәлім етті Магомед Ахриев. Оның айтуынша, уланудың басты себебі – газ қазандығының құбыры тот пен қоқыспен бітеліп қалған.