Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігі суық антициклон ықпалында болады. Республиканың шығыс, орталығы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады.

Аяз біртіндеп басылады. Батыста түнде 5-15, күндіз 0-5 градус аяз, солтүстікте түнде 18-28, күндіз 12-17 градус аяз, орталықта және шығыста түнде 22-30, күндіз 13-20 градус аяз болады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 13-25, күндіз 8-18 градус аяз болуы ықтимал.