«Аспанға оқ атқан» – Шымкентте көлік жүргізушілерін 6 баппен жауапқа тартты (видео)
«Аспанға оқ атқан» – Шымкентте көлік жүргізушілерін 6 баппен жауапқа тартты (видео)
Фото: polisia.kz
Шымкентте полицейлер үш жүргізушіні бірден 6 баппен жауапқа тартты. Polisia.kz-тің дерегінше, әлеуметтік желіге бақылау жүргізу барысында Шымкент қаласы ПД қызметкерлері көшеде үш Toyota Camry 70 автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, олардың бірі тапаншамен ауаға оқ атқан видеоны анықтады. Нәтижесінде, олардың жергілікті тұрғындар екені белгілі болды. Жүргізушілерге қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды: 203-бап «Сақтандыруды бұзу», 602-бап «Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану, авариялық дабылды қолдану қағидаларын бұзуы» және 603-бап  «Көлік құралына арнайы жарық және дыбыстық сигналдарды беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу».   https://youtu.be/2iLdhrK_JbI Үш Toyota Camry 70 көлігі айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді. Полицейлер жүргізушілердің бірінен ПМ тапаншасын тәркіледі. Сондай-ақ ер адам бұрын дүкеннен тапанша сатып алғаны анықталды, бірақ ол полицияға тіркелмеген. Оған қатысты полицейлер қосымша бірнеше әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 436-бабы, 437-бабы «Тыныштықты бұзу» және 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша жауапқа тартты.