Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды. Президенттің биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру үшін заң жобасы аясында әлеуметтік мәселені шешетін мынадай түзетулер енгізілді: 1) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу; 2) ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу; 3) әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту; 4) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.