Ұлттық қауіпсіздік комитеті 135 миллиард теңгені жымқырғандарды анықтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 135 миллиард теңгені жымқырғандарды анықтады

2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 миллиард теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдіктер бар және 500-ге жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылғаны белгілі болды. Биыл 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты Қылмыстық кодекстің  216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі мерзімге соттады. Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстанда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Жалпы, заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру бағытында жұмыс жалғасып жатыр.