Алматы облысында дәмханалардың бірінде өрт болды
Алматы облысында дәмханалардың бірінде өрт болды
380
оқылды
 Іле ауданы Өтеген батыр ауылында дәмханалардың бірінде өрт болды. ТЖД мәліметінше, 8 желтоқсан күні сағат 16:39-да Жансүгіров көшесінің бойында Өтеген батыр ауылында дәмханаың 10 шаршы метр аумағы өртенді.
«Оқиға орнына күштер мен құралдар дереу жіберілді. Онда 10 шаршы метр аумақта дәмханаға жалғастырыла салынған металл контейнердің ішіндегі май қуырғыш тұтанғаны анықталды. Өрт 16:43-те оқшауланып, 16:46-да сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шақыру орнына сегіз қызметкер мен екі техника шықты», - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.