Күн сайын 1000 теңгеден жинасаңыз, бір айда шамамен 30 мың теңге, бір жылда 365 мың теңге жиналады.
Егер ақшаны үйде немесе картада пайызсыз жинай берсеңіз, 1 миллион теңгеге 1000 күнде жетесіз. Бұл шамамен 2 жыл 9 ай.
Ал ақшаны жылдық тиімді мөлшерлемесі 16,5 пайыз болатын депозитке күн сайын салып отырсаңыз, пайыз да жинаққа қосылады. Мұндай жағдайда 1 миллион теңге шамамен 2 жыл 3 айда жиналады.
Яғни депозит арқылы миллион теңгеге шамамен 5 ай ертерек жетуге болады.
Ең қарапайым есеппен, күніне 1000 теңге дегеніміз — бір шыны кофе немесе түскі асқа жұмсалатын ақшаның бір бөлігі. Бірақ оны тұрақты түрде жинасаңыз, үш жылға жетпей миллион теңгеге айналады.
