Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президентін «Ала-Арча» резиденциясының Конгресс-холлында қарсы алды. Онда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.