Қорғаныс министрлігі Қазақстаннан Ресейге жіберілген танктерге қатысты мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі Қазақстаннан Ресейге жіберілген танктерге қатысты мәлімдеме жасады
© видеодан алынды
11,187
оқылды
Telegram-да Алматы вокзалында теміржолда тұрған танктердің видеосы таралды. Онда әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені айтылған. Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Әлеуметтік желілерде Алматы қаласында теміржол станциясында тұрған бронетехниканы тасымалдау туралы жарияланымға қатысты бронетехника күрделі жөндеуден кейін одан әрі пайдалану үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жіберілгенін хабарлаймыз», – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.