Заңнама бұзудың 33 дерегі анықталды
Заңнама бұзудың 33 дерегі анықталды
10,202
оқылды
Алматы қаласында жер заңна­ма­сын бұзудың 33 дерегі анықталды. Жер заңнамасын бұзудың 31 дерегі мем­ле­кеттік органдарға тиесілі. Бұл ту­ралы «АМАNАТ» партиясы Алматы қа­лалық филиалы Партиялық бақылау ко­мис­сия­сы мен «Жер аманаты» ко­мис­сия­сы­ның бірлескен отырысында өтті. Отырысқа «АМАNАТ» партиясы Алма­ты қалалық филиалының атқарушы хат­шы­сы Мейіржан Отыншиев төрағалық етті. Жиын­ға Алматы қаласының Жер ресурс­та­рын басқару департаментінің басшысы, «АМАNАТ» партиясы қалалық филиалы жа­­­нын­дағы «Жер аманаты» комиссиясы тө­ра­ғасының орынбасары Ержан Таш­пен­бетов, Қала құрылысы басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары Төлеуқан Исмаилов, қа­лалық Жер қатынастары басқармасы бас­­шысының орынбасары Нұрлан Құл­бол­динов пен қала прокуратурасының өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған, партиялық ба­қылау комиссиясының төрағасы, Алматы қа­ласы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев комиссия тарапынан атқарылған жұ­мыстарды саралап, баяндама жасады. Баяндамашының берген есебінше, осы күн­ге дейін Алматы қаласының Жер ресурс­та­рын басқару департаментімен бірлесе оты­рып барлығы 42 жер теліміне қатысты тек­серу жүргізген. Оның ішінде 40 нысанға жос­пардан тыс, қалған екеуіне профи­лак­ти­­­­калық бақылау және қадағалау жүргізі­ліпті. Нәтижесінде, жер заңнамасын бұзудың 33 дәйегі анықталды. Аталған заңбұзушы­лық­қа қатысты оларды жою туралы 33 ұйға­рым шығарылған. Жер заңнамасын бұзудың 31 дерегі мем­ле­кеттік органдардың еншісінде. Оның ішін­де Алматы әкімдігі тарапынан – 11, қа­лалық Жер қатынастары басқармасы – 15, «Аза­маттарға арналған Үкімет» корпо­ра­ция­сынан 5 заңбұзушылық жағдай анықталған. Сон­дай-ақ үш тұлға әкімшілік жауапкер­ші­лік­ке тартылған. Оларға заңға сәйкес 190 800 теңге көлемінде айыппұл саланған. Жер телімдерін заңсыз беру мәселесі бойын­ша жүргізілген тексерулер бойынша, жал­пы көлемі 17,3 гектар болатын 23 жер те­лімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Сондай-ақ департамент тарапынан рес­пуб­ликалық «Жер аманаты» комиссиясының Алма­ты қаласына жұмыс сапары аясында оң­түстік астананың қоғам белсенділері мен тұрғындары көтерген бірқатар мәселенің ше­шімі де осы отырыста айтылды. Медеу мемлекеттік өңірлік табиғи пар­кінің аумағындағы жер учаскесінде «Жер ама­наты» комиссиясының мәлімдемесінен кейін, қалалық департамент «Медеу» мем­ле­кеттік өңірлік табиғи паркі аумағынан же­ке қосалқы шаруашылық жүргізу мақ­сатында 4,8 гектар жер учаскесін заңсыз беру фактісі бойынша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінен кейін депар­та­мент­тің шығарған ұйғарымды орындау мақ­сатында Алматы қаласының Жер қаты­нас­тары басқармасы Алматы қаласы Медеу ау­дан­дық сотына мұрагерлік куәлікті және са­тып алу-сату шартын жарамсыз деп тану ту­ралы талап-арызбен жүгінген. Қазір жо­ғары­да көрсетілген іс сотта қаралуда. «Жер аманаты» комиссиясының Алматы қа­ласына жұмыс сапары кезінде көтерілген тағы бір мәселе шаруа қожалық иесі Хам­раев­тарға қатысты. Шағымданушылардың өті­ніштері негізінде департамент тексеріс жүр­гізіп, нәтижесінде Алматы қаласы әкім­дігі мен Жер қатынастары басқармасы тара­пы­нан Жер заңнамасындағы 1-баптың бұ­зыл­ғаны анықталды. Тексеріс көрсеткендей, аталған жер телімін демалыс үйін салу үшін Horizon.kz ЖШС берген. Заңсыз берілген жер­дің аумағы 4,036 гектар. Осыған орай бас­қармаға қатысты анықталған заң бұзу­шы­лықтарды жою туралы ұйғарым шы­ғарыл­ды. Аталған ұйғарымды орындау мақсатын-да Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыр­күйектегі №3/314-530 қаулысымен жер телімін пайдалану құқығы тоқтатылды. Баяндамада көптен бері қоғам тарапы­нан резонанс тудырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағына тие­сілі жер телімінің де жайы айтылды. «Жер аманаты» комиссиясы төра­ға­сы­ның орынбасары Бақытжан Базарбектің тү­сір­ген шағымы негізінде департамент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағының бір бө­лігін иеліктен шығарудың заңдылығын тек­серді. Тексеру қорытындысы бойынша Алма­ты қаласы әкімдігі қолданыстағы заң­на­ма талаптарын бұза отырып, жалпы ауда­ны 0,7494 гектарды құрайтын университеттің жер телімінің бір бөлігін иеліктен шығару ту­ралы заңсыз қаулылар қабылдағаны анық­талған. Университеттің иелігінен заңсыз шы­ғарыл­ған жер телімдері жөніндегі депар­та­ментінің талап-арызын қараған Алматы қа­ласының мамандандырылған ауданара-лық экономикалық соты департаменттің шағымын қанағаттандырған. Алайда әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Себебі қарсы тарап апелляциялық шағым түсірген. Бұл күнде іс Алматы қалалық сотында жа­тыр. Отырысты қорытындылаған партияның қа­лалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев комиссия жұмысын ары қарай жандандыра түсу керегін айтты. Комиссия мүшелері мен құзырлы орын өкіл­дері тиісті жұмыс жалғаса беретінін мә­лім­деді.

Алматы қаласы