menu
2023 жылы Алматыдағы клубтар мен спорт секцияларына 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді
2023 жылы Алматыдағы клубтар мен спорт секцияларына 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді
263
оқылды

Алматыда 2023 жылға арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасына 16,2 млрд теңге қарастырылған. Билік қанша баланы қамтуды жоспарлап отыр?

2022 жылдың басынан бері Алматыда шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына 19 млрд теңге бөлінді. Бұл 70 мыңға жуық баланы қамтуға мүмкіндік берді.
"Бағдарламаны жүзеге асыру барысында әкімдік жан басына шаққандағы artsport.edu.kz қаржыландыру платформасындағы кемшіліктерден туындаған күрделі мәселелерге тап болды. Бұл мемлекеттік деректер базасымен интеграцияның жоқтығына, балалар мен жеткізушілердің жеке басын сенімді сәйкестендірудің мүмкін еместігіне, ЭСҚ қолданбай баланың заңды өкілінің есеп картасын растауына және басқа да аспектілерге қатысты", – деді қала әкімі  Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың сессиясында.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әкімдіктерге бағдарламаны жүзеге асыру алаңын дербес таңдауға мүмкіндік беретін өзгерістер күшіне енеді. Жақын арада ашық конкурс жарияланып, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады. 2023 жылға арналған бюджетте шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасына 16,2 млрд теңге қарастырылған. Сома азайғанымен, 70 мыңнан астам бала қамтылады. Сондай-ақ 2023 жылы Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағынауданында және Алатау ауданындағы «Нұркент» шағынауданында әрқайсысы 675 орындық инновациялық шығармашылық орталығы  құрылысын аяқтау жоспарлануда, жобаның жалпы сомасы –  3,1 млрд теңге.