Ангелина Лукас Қызайбаймен кездесуге дайын екенін айтты
Ангелина Лукас Қызайбаймен кездесуге дайын екенін айтты
429
оқылды
Алматыда титулдық жекпе-жек алдында өткен баспасөз мәслихатында журналистер Ангелинадан Назым Қызайбаймен кездесуге дайындығы туралы сұрады, деп жазады inform.kz.
Мен кәсіпқой бокста осымен үшінші рет атақ үшін айқасқа шыққалы отырмын. Назым Қызайбай алдымен кәсіпқой рингте, шлемсіз жекпе-жек өткізіп көрсін, сезінсін. Менің рейтингім одан жоғары. Менің деңгейіме жетіп алсын. Мен дайынмын, - деді кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас.
Бокс кешін ұйымдастырушы Әлімжан Қалдияров шоу көрсеткісі келетін боксшыларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Ал, ертең Ангелина Лукас (2-0, 1 KO) танзаниялық мінезді қыз Лулу Каягемен (8-8-4, 2 КО) UBO чемпиондық титулын сарапқа салады.
Ертеңгі жекпе-жекке келетін болсақ, қарсылас тәжірибелі. Бірақ, мен жеңіске жетуім керек, өйткені бізді маңызды мереке – Тәуелсіздік күні келе жатыр, кешті DAZN де көрсетеді. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, - деді Ангелина Лукас.