Марокко құрамасы тарихи жеңіске жетіп, 1/2 финалға шықты
Марокко құрамасы тарихи жеңіске жетіп, 1/2 финалға шықты
610
оқылды
 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко Португалияны жеңді. Марокко құрамасы сенсациялық түрде Португалия құрамасын ұтып, Қатарда  өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Дохадағы «Ат-Тумама» стадионында өткен ширек финалдық кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймның соңында жеңіс голын 25 жастағы Юсеф Эн-Несири соқты. Ойынның 92-минутында марокколық Валид Хеддира қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша, Марокко Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті. Марокко Африка құрлығынан жартылай финалға шыққан алғашқы құрама болып отыр.