Қарағандыда газ баллоны жарылып, бірнеше адам жапа шекті

Қарағандыда газ баллоны жарылып, бірнеше адам жапа шекті

Қарағандыда жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 12.19-да Петрозаводская көшесіндегі Бөкейханов атындағы ауданда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

"Тұрмыстық газ баллонынан (50 литр) газ-ауа қоспасы шығып, 70 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сағат 13.07-де сөндірілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ департамент өрт салдарынан күйік шалған 1952 жылы туған ер адам, 1953 жылы туған әйел және 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.