Суретші Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіровке арнап мурал салды
Суретші Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіровке арнап мурал салды
Фото: Қарқаралы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
686
оқылды

Суретші Сәкен Дәулетбаев Қарқаралыда екі үйдің қасбетіне Тоқтар Әубәкіров пен Әлихан Бөкейхановтың суретін салды.

  [caption id="attachment_161623" align="aligncenter" width="960"] width= Фото: www.gov.kz[/caption]

«Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіров – есімі тарихта алтын әріппен жазылған жерлестеріміз. Биыл Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 155 жыл және Тоқтар Әубәкіровтың туғанына 75 жыл толды. Осы даталар мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай суретші Сәкен Дәулетбаев қалаға мурал суреттерін тарту етті», – деді әкімдіктің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жұмаханова.

Әлихан Бөкейханов бейнеленген үйдің ауласындағы балалар алаңы қайта жөндеуден өткен.