Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров испандық Луис Энрикені нокаутқа түсіріп, IBF Inter-Continental тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпион атағын жеңіп алды.
Алматыда 10 раундқа есептелген жекпе-жек жетінші раундта аяқталды.
Осылайша, Жанқош кәсіпқойлар арасында 26 жеңіске жетті. Луис Энрике де мансабындағы алтыншы жеңілісіне ұшырады. Жекпе-жек белгілі DAZN платформасы арқылы көрсетілді.