Қарудың тұтас арсеналын алып қашқан дезертир туралы не білеміз?
Қарудың тұтас арсеналын алып қашқан дезертир туралы не білеміз?
227
оқылды
Туыстары мен жерлестері Абылай Балгынбайдың бұл қылмысқа барғанына сенбейді, - деп хабарлайды "Еуразия"бірінші арнасы. Ордабасы ауданы Қайнар ауылының тұрғындары әлікүнге өз-өздеріне келе алмай отыр. Өйткені, олардың алдында өскен сабырлы және қарапайым жігіт қылмыс жасады. «Мен оны жақсы танымаймын. Бірақ ол білімді, қарапайым жігіт, бұзақы емес. Әкесі өте жақсы және құрметті ауыл тұрғыны, - деді Қайнар ауылының тұрғыны Мақпал Жаппарқұлова. Көршілердің айтуынша, Абылай Балғынбай көп балалы отбасында тәрбиеленген. Ол үйдің үлкені. Әскерге дейін Шымкент қаласындағы колледжді бітірген. Жақында кіші сержант атағын алды. Студент қарындасы мен оқушы бауырлары бар. Баланың ата-анасы бұл жағдайға түсініктеме беруден бас тартты. 25 жастағы келісімшартпен қызмет ететін әскериді ұстау бойынша арнайы операцияны ІІМ мен ҰҚК бірлесіп жүргізді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жігіт мұндай қылмысты жалғыз жасағанына ауылда ешкім сенбейді.  Тек болжам жасауда. «Мен автоматтардың өзі 10-нан көп екенін естідім. Одан бөлек тапаншалар мен патрондар бар. Бұның бәрін бір адам көтеруі мүмкін емес. Ал ешкімге көрсетпей алып кету тіпті ақылға сыймайды. Менің ойымша, ол жалғыз болған жоқ, немесе басқа  бірдеңе болды, - деді Ахат Шатырбайұлы. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар да болжам айтуда. Көптеген адамдар: арық жігіт қоймадан салмағы өзінен бірнеше есе  ауыр оқ-дәрілерді қалай шығара алады деген сұрақ қояды. 30 Калашников автоматының өзі 100 килограммнан асады. "- Ұрлық болмайды. - Бәрі бізге дейін ұрланған". Жағдайды Ішкі істер министрі Ерлан Тұрымбаев түсіндірді. «Мен сізге бұл қарудан ешкімге зиян келмегенін ғана айтамын.  Бүгін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанына байланысты мен сізге ешқандай ақпарат бере алмаймын, - деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Министр ертең баспасөз конференциясын өткізіп, қылмыстың қалай болғанын егжей-тегжейлі баяндайтынына уәде берді.