Президент шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы тағы да тапсырма берді
Президент шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы тағы да тапсырма берді
Фото: t.me/bort_01
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді айтты. Оның ішінде шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мәселесіне тоқталды.   «Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз. Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек», – деді Президент.