Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің осы жылғы қорытынды отырысы өтті

Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің осы жылғы қорытынды отырысы өтті

Жиын барысында еліміздегі бірлік пен келісімді нығайту, азаматтық және отбасылық құндылықтарды дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, жастармен жұмыс жасау және өзге де мәселелерді шешудегі Аналар кеңестерінің рөлі талқыланды. Сондай-ақ БАҚ арқылы аталмыш құрылымның қызметімен таныстыру және этносаралық коммуникация алаңдарының ауқымын кеңейту мақсатында подкасттар сериясы іске қосылатындығы туралы хабарланды. Ағымдағы жылы да ұйым ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен бірге Кеңес мүшелері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын, көп балалы аналарды және ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған ҚХА-ның барлық қайырымдылық шараларына белсенді түрде қатысып келеді. Еске салайық, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі – Ассамблеяның негізгі құрылымдарының бірі, оның құрамына этномәдени бірлестіктердің және қоғамның іскер әрі сыйлы нәзік жандылары кіреді.