Жанболат Мамай қамауға алынды
Жанболат Мамай қамауға алынды
287
оқылды
Жанболат Мамай мен Жанбол Рахматулла халықты митингіге шақырды деп айыпталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "21 ақпанда 1988 жылы туған Мамай Жанболат пен 1991 жылы туған Рахматулла Жанболды Алматы облысы Қарасай ауданының ПБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұстады", - деп хабарлады ІІМ өкілдері. Баспасөз қызметіндегілер олар әлеуметтік желілерде азаматтарды рұқсат етілмеген митингіге шақырғаны үшін ұсталғанын хабарлады. Қарасай аудандық сотының қаулысымен Жанболат Мамай 3 тәулікке, Рахматулла 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.